Геронтократия

Грекше «герон» — «қария, шал», «кратия» — «билік». Геронтократия кезінде ел басқару қариялардың қолында болады. Бұл негізінен авторитар немесе диктаторлық жүйелерге тән. Себебі бұл жүйелерде мемлекет басшысы елді өмір бойы басқарады және жақын маңайындағы адамдар да егде жаста болады. 


 


2021 жылғы дерек бойынша, Қазақстандықтардың орта жасы шамамен  — 32 жас. «Важные истории»  басылымының есебінше, Қазақстан шенеуніктерінің орта жасы   — 57 жас. Ал президенттің жасы 69-да. Салыстырмалы түрде алғанда, Ресейде шенеуніктердің орта жасы   — 55 жас,  Беларусьте   — 53, Украинада   — 44. 


 


Дамыған елдерде де геронтократия болады. Мысалы,  АҚШ экс-президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскен кезде 70 жаста болған. Ал қазіргі басшысы Джо Байден қызметіне 78 жасында кіріскен. АҚШ-та шенеуніктердің орта жасы   — 60 жас. 


 


09/06/2022 18:22 3122 0

09/06/2022
18:22 3122 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление